22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлордада полиция әйелімен жанжалдасқан мас жүргізушіні құрықтады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түнгі сағат 02:00 шамасында «102» пультіне оқиға куәгерінен жол бойында GEELY көлігінің мас жүргізушісі әйелді ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу автопатруль жіберілген. Тәртіп сақшылары жеткенде жүргізуші көлікті тастап, жаяу қашуға әрекеттенген. Алайда көп ұзамай қолға түскен.
Тергеу барысында көліктің ішінде жүргізушінің әйелі болғаны анықталды. Оқиға алдында ерлі-зайыптылар дәмханада ішімдік ішіп отырған, сол жерде олардың арасында жанжал шыққан. Олар мас күйде көлікке отырып, көлік жүргізіп келе жатқанда ерлі-зайыптылар арасындағы шыққан жанжал жалғасып, жүргізуші көліктен әйелді мәжбүрлі түрде сүйреп түсірген. Құрықталған жүргізушіні полицейлер бірден көлік жүргізуден шеттетіп, медициналық тексеруден өтуін сұраған. Алайда жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартып, бағынбаған.
Полиция талаптарын орындамағаны және алкогольдік масаңдық бойынша тест тапсырудан жалтарғаны үшін жүргізуші 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу ақарастырылып, көлік коммуналдық тұраққа қойылған. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында полицейлер «Мас жүргізуші – қылмыскер!» атты жергілікті рейдтік шара өткізуде. Іс-шараның екі күнінде полицейлер 38 жүргізушіні ұстады, оның 34-і мас күйінде болғаны анықталса, 1 мас күйіндегі жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болған. 36 көлік коммуналдық тұраққа қойылған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев