23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласында көркем гимнастика жарысы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорданың «Думан» спорт кешенінде көркем гимнастикадан кезекті қалалық ашық чемпионатын Астана қаласының көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Әбілқайыр ашты. Жарыстың бірінші күнінде гимнастшылар жеке және топтық бәсекеде шеберліктерін ортаға салды.
Сондай-ақ ел намысын шетелдік аренада қорғап жүрген бірқатар жерлесіміз спорттық дәреже атағымен марапатталды. Чемпионатта жас және спорт дәрежесіне байланысты төмендегідей жүлделер сарапқа салынып жатыр:
- Спорт шебері (2008 жылғылар және одан үлкендер) қыздар;
- Спорт шеберіне үміткер (2009-2011 жылғы) қыздар;
- 1 спорттық разряд (2012-2014 жылғы) қыздар;
- 2-3 спорттық разряд (2015 және одан кіші) қыздар.
Айта кетсек, 26-28 ақпан күндері сайыс халықаралық гимнастика федерациясының көркем гимнастикадан 2023-2024 ж қолданыстағы ережелеріне сәйкес өтуде.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады