19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Астанада компьютер клубында телефон ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы аудандық ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 28 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адам Абылай хан даңғылындағы компьютерлік клубқа келгені белгілі болды. Таңғы сағат 07:30 шамасында ол әкімшінің жұмыс орнында ұйықтап жатқанын және оның ұялы телефоны көзге көрінетін жерде тұрғанын байқаған. Содан күдікті жақындап келіп, алдымен оның іс-әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің бар-жоғына көз жеткізіп, содан кейін тіркеу орнынан iPhone 7 телефонын алып кеткен. Анықталғанындай, ер адам ұрланған гаджетті елордалық кафелердің бірінде төлемнің орнына қалдырып кеткен.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары