29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлорда күніне орай қаладағы «Жетісу» саябағында QALA FEST фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Фестиваль аясында кітап алмасу ұйымдастырылған кітап жәрмеңкесі өтті. Келушілер қазақ тілінде 500-ге жуық кітап әкелді. Олардың басым бөлігі – қазақ әдебиеті мен әлемдік классика туындылары.
«Жастар кітапты белсенді түрде оқиды. Бұл – олар үшін қызық. Кез келген кітабыңызды әкеліп, басқа кітаппен ауыстыруға болады», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының маманы Алуа Балтабаева.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында арнайы қабылдау автоматтары – фондаматтар арқылы пластик бөтелкелерді, алюминий банкаларды және басқа да бос ыдыстарды тапсыруға мүмкіндік болды. Оның орнына сыйлықтар, бонустар, купондар мен тауарлар және қызметтерге жеңілдіктер берілді.
«Қалада мұндай фондаматтар көп. Бұл – кәсіпкердің жеке бастамасы. Арнайы мобильді қосымша бар. Телефоныңызға жүктеп, нөміріңізді енгізесіз, содан кейін бонус аласыз. Оны жанармай құю бекеттерінде немесе басқа тауарлар мен қызметтерге жұмсауға болады», – деді экожаттықтырушы Марьям Қасымова.
Кейін бұл пластиктер сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарына жеткізіледі. QALA FEST фестивалі ашық аспан астындағы мерекелік концертпен аяқталды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек