10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы21 маусым күні Астанада кең ауқымды велошеру өтеді. Қала әкімдігі бұл ерекше шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылыпотырғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Велошерудің жалпы бағыты – 25 шақырым. Қатысушылар Қосшы бағыты бойындағы айналма веложолдан бастау алып, Үркер (Ильинка) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.
Тіркеу велошеру күні – 21 маусымда таңғы 07:30 бен 09:00 аралығында жүргізіледі. Шараның басталуы – сағат 09:00-де. Қатысу – тегін. Әрбір қатысушы өз велосипедімен келуі қажет.
Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева бұл шараның жарыс емес екенін, бастысы – азаматтардың белсенділігі мен табиғатқа деген қамқорлығы екенін атап өтті.
Шара соңында тіркеуден өткен қатысушылар арасында лотерея өткізіп, бағалы сыйлықтар ойнатылады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді