Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін елордада энергетика саласындағы ең ірі алаңдардың бірі – Kazakhstan Energy Week-2025 апталығы мен XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы өз шымылдығын түрді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов бұл жиынның энергетика саласындағы сенім мен стратегиялық диалогтың, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың символына айналғанын атап өтті.
Біз мұнда тек тәжірибе бөлісу үшін емес, энергетика саласының ортақ болашағын бірлесе қалыптастыру үшін жиналдық. Бүгінде энергия тек ұлттық деңгейдегі мәселе емес, ол – жаһандық әріптестіктің негізі әрі ортақ болашағымыздың өзегі, – деді Ақшолақов.
Форумға жетекші халықаралық компаниялардың қатысуы – орта державалардың да әлемдік энергетикалық процестерді қалыптастыруға дайын екенін көрсетеді.
Біз дәстүрлі ресурстарды игерумен қатар, жасыл энергетикаға, декарбонизацияға, жасанды интеллект пен озық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөліп келеміз. Бұл бағыттар бізді тиімді, қауіпсіз әрі экологиялық таза болашаққа жетелейді, – деп атап өтті қауымдастық төрағасы.
Сонымен бірге, ол 2028 жылы Астанада Әлемдік мұнай конгресі өтетінін жариялады.
Айта кетейік, форум аясында энергетика саласының негізгі сын-қатерлері мен жаңа мүмкіндіктері талқыланып, әлемдік энергетиканың болашағы жөнінде маңызды шешімдер қабылданбақ.
Ауқымды шараның бас ақпараттық серіктесі – «Qazcontent» АҚ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?