Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада кәмелет толмаған 20 адам алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратура мәліметінше, соттаушы жәбірленушілердің ақшаларын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген. Сонымен қатар, жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% түріндегі сыйақы үлесін алатындарымен алдаған. Осылайша, кәмелетке толмаған 20 жәбірленушінің 11 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады. Барлық ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны сотта дәлелденді.
Сот үкімімен келтірілген залал толықтай өндіріліп, кінәлі тұлға сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді. Қала прокурорлары тұрғындарға тез және үлкен табыс әкелетін күмәнді мәмілелерден бас тартуды ескертеді,-делінген прокуратура мәліметінде.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады