Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек1 маусым – халықаралық Балаларды қорғау күні Астанадағы Назарбаев Университеті аумағында қазақ халқының мұрасын, қолөнерін және дәстүрлі өмір салтын насихаттауға бағытталған бірегей мәдени жоба – «JETI QAZYNA» этноауылының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, «JETI QAZYNA» этноауылы – көне дәстүрлерді көзбен көріп, тарихпен етене жақын танысып қана қоймай, соның бір бөлшегіне айналуға мүмкіндік беретін ерекше кеңістік болмақ.
Қонақтарға арнап мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады:
• Эстрада әртістері мен фольклорлық ұжымдардың өнер көрсетуі;
• Қазақ классикасының жанды дауыста орындауы: домбыра, айтыс, терме, жыраулық өнер;
• Ұлттық билер мен театрландырылған қойылымдар;
• Үздік қолөнершілер өткізетін шеберлік сабақтары:
- киіз бұйымдары;
- ағаш ою;
- ұлттық ою-өрнек және көркем сурет салу;
• Дәстүрлі тағамдарды әзірлеу бойынша аспаздық шеберлік сабақтары;
• Ұлттық ойындар: асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс;
• Атқа міну, садақ ату;
• Бүркіт пен тазы иттермен көрсетілімдер.
Жоба қазақ халқының мәдени кодтарын сақтап, оны өсіп келе жатқан ұрпаққа жеткізу, ішкі туризмді дамыту және елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа тартымды орын құру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Кіру тегін. Ашылу рәсімі 1 маусым күні сағат 10:00-де басталады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?