Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен «Астана жастары» ЖРО» КММ «Jastar Talks» форматында №69 мектеп-гимназиясында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жастар ресурстық орталықтарының негізгі бағыты ретінде бейресми білім беру арқылы жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік дамуына ықпал ету және жастардың бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық түрде өзін дамытуы үшін жағдай жасау болып саналады. Осы мақсатта «Астана жастары» ЖРО ұйымдастыратын жобалар аясында көптеген іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Бүгінгі жоба жастар мен аға буын арасында пікір алмасуға арналған ашық алаңнан тұрады. Кездесудің негізгі тақырыбы болашақ мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру, өзінің болашақ мамандығын таңдауда қолдау көрсету болды.
Спикер ретінде кәсіби бағдар беруші, шетелдік университеттердің тәлімгері Абдурашид Абдурахманұлы сөз сөйледі. Ол өмірдегі өз жолы туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу еркін форматта ұйымдастырылып, оған 70-тен астам оқушы қатысты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?