Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада хостелдердің бірінің әкімшісі қонақтың алтын алқасын үптеп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, жәбірленуші әйел елордаға жұмыс бабымен келіп, уақытша тұру үшін хостелде тоқтаған. Бөлмеде зергерлік бұйымдар салынған сөмкесін қалдырып, өзі шаруаларымен шығып кеткен екен. Осы кезде хостел әкімшісі қонақтың жоқтығын пайдаланып, қосалқы кілт арқылы бөлмеге кірген. Сөмкеден құны 420 мың теңге тұратын алтын алқаны ұрлап кеткен.
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер ұрлыққа қатысы бар 34 жастағы хостел қызметкерін анықтады. Ол ұрланған бұйымды ломбардқа өткізіп, алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады