Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласындағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде 2025 жылғы 15–26 қараша аралығында Жапонияның Токио қаласында өтетін ХХV жазғы Сурдлимпиада ойындарына ұлттық құраманың дайындығы мен қатысуы мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин төрағалық етті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті Серік Сәпиев, Республикалық спорттық даярлау орталығының өкілдері, сондай-ақ сурдлимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерінің жаттықтырушылары мен мамандары қатысты.
Кеңесте ұлттық құраманың сапалы дайындығына қатысты негізгі мәселелер қаралды. Спортшылардың жоғары деңгейде дайындалуы үшін 20 оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланғаны атап өтілді. Сонымен қатар спортшыларды спорттық жабдықтармен, оқу-жаттығу базаларымен, медициналық қызметпен, теңгерімді тамақпен, дәрумендермен және фармакологиялық қамтамасыз етумен қамту, сондай-ақ оқу-әдістемелік материалдарды дайындау мәселелері талқыланды.
Жиын барысында жаттықтырушылар құрамы мен сала мамандары тарапынан бірқатар проблемалық мәселелер де көтерілді.
Комитет төрағасы барлық көтерілген мәселелердің бақылауда екенін атап өтті.
Қазір басты міндет — жекелеген нәтижелерге қол жеткізу емес, бұл спорт түрлерін елімізде және өңірлерде жүйелі дамыту. Біз кешенді түрде қарауымыз қажет, — деді Руслан Есеналин.
Сондай-ақ кеңес барысында құрама сапына каратэ және дзюдо спортшыларының қосылуы туралы ұсыныстар айтылып, таэквондо (пумсэ) мен еркін күрес (есту қабілеті төмен спортшылар арасында) бойынша дайындық және дағдылану жағдайларына қатысты мәселелер көтерілді.
Кеңес қорытындысы бойынша сурдоспортқа елімізде көрсетілетін қолдауды күшейту қажеттілігі атап өтілді. Бұл бағытты дамыту үшін инфрақұрылымдық және кадрлық базаны бірлесіп қалыптастыру маңызды екені айтылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?