Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын соғыс ардагері, ғасыр жасаған Раиса Сафоничева дүниеден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аза тұту жиынына Қорғаныс министрлігінің, қалалық мәслихаттың, ардагерлер ұйымдарының, «Шарапат» әлеуметтік мекемесінің өкілдері және марқұмның шөбересі Виталий Смирнов қатысты.
Келгендер Раиса Сафоничеваны бір минут үнсіздікпен еске алды. Мәслихат депутаты Асқар Смағұлов, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуба, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов және «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Астана филиалының төрағасы авиация генерал-майоры Алсай Жұманов естеліктерін айтты.
Айта кетсек, Раиса Сафоничева 1943 жылы Минскіде қысқа мерзімді байланыс курсын аяқтағаннан кейін 2-ші Украина майданына барды. Жауынгерлік жолы Киевтен Будапештке дейін жалғасты, сол жерде Жеңіс күнін қарсы алды.
Соғыс ардагерінің жауынгерлік еңбегі «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Украинаны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да наградалармен атап өтілді. Өткен жылы өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін ол ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Раиса Сафоничеваға Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери қызметшілері мен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері үнемі келіп тұратын.
Онымен қоштасу рәсімі әскери рәсімдерді сақтай отырып, құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен өтті.
Жеңіс күні Раиса Егоровна үшін басты мереке еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?