23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордадағы №77 мектеп-гимназиясында қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фариза Оңғарсынова кеңінен таралған талай шығарманың авторы ретінде оқырманның есінде мәңгі сақталады. Оның отты өлеңдері, очерктері, әңгімелері, повестері елімізде ғана емес, шетелдерде де танымалдылыққа ие болды.
Мерейтойға арналған іс-шараға ақынның жақын туыстары, көрнекті мемлекет қайраткерлері, академиктер, ғалымдар, сондай-ақ мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты.
Іс-шара барысында ақынның өз елінің адал патриоты, жоғары білікті аудармашы, талантты публицист болғаны туралы естелік әңгімелер айтылды.
Еңбек жолын ауыл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастап, содан кейін облыстық газетте журналист болған, алғашқы өткір мақалалары қоғамды өзіне назар аударуға мәжбүр еткен қыз қазақ поэтикалық классикасының үздік дәстүрлерін жалғастырған, қазақ поэзиясындағы бірегей құбылыс, ешкімге ұқсамайтын ақын болды.
Фариза апа сөз әлемінде қайталанбас із қалдырып, қазақстандық баспа басылымдарына өзіндік үлесін қосты. Өкінішке қарай көптеген ата-аналар мен балалар мұндай газеттер мен журналдардың бар екенін білмейді. Ағымдағы дүниелер көп ұзамай ұмыт болады.
Бірақ классика, соның ішінде баспасөз мәңгілік жасай береді. Фариза Оңғарсынованың ұлы шығармашылық жолы да осы баспасөзден басталды, - деді филолог, әдебиет тарихшысы, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы.
Мұқағали Мақатаевтың «Фариза, Фариза жан, Фариза қыз» деген өлең жолдары Фариза Оңғарсыновадай ақын, қазақтың қайсар қызы, болмысы бөлек әйел бейнесін дәл айшықтап тұрғандай.
Іс-шарада оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, әңгімелерін сахналады.
Танымдық кеш соңында мектеп оқушылары мен қонақтар естелік фотосуретке түсті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады