Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласының полицейлері 27 жастағы азаматты ұстады, одан синтетикалық есірткі заты салынған 14 орама табылды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Есірткі тасымалдаушы курьер Нұра ауданының криминалдық полициясы жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсті.
Тексеру кезінде күдіктінің шалбарының сол жақ қалтасынан ішінде белгісіз ұнтақ заты бар 13 орама табылып, тәркіленді. Сондай-ақ Бектұров көшесіндегі ұстау орнында тағы бір осындай орама – “қойма” тәркіленді. Сараптама нәтижесінде табылған заттың “альфа-PVP” психотропты есірткі екені анықталды.
Тергеу барысында жас жігіттің есірткі курьері қызметін интернет арқылы тапқаны белгілі болды. Ол есірткі салынған пакеттерді жасырын орындардан алып, оларды шағын дозаларға бөліп, ақпараттық ресурстар арқылы және “қойма” әдісімен таратқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындап, қазіргі уақытта қамауға алынды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады