22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлордалық еріктілер зейнеткерлердің үй ауласының қарын күреп, қолғабыс етті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада толассыз қар жауғаннан кейін еріктілер жер үйлерде тұратын қарт кісілердің ауласының қарын күреп, көмек берді. Жастар «Игі істер марафоны» дәстүрлі акциясын өткізіп жатыр.
Қарт адамдар үшін ауланың қарын күреу оңай жұмыс емес. Осындай қолғабыста шет қалмайтын және үлкен кісілерге көмекке ұмтылатын өскелең ұрпаққа алғысымыз шексіз. Олардың арқасында ауламда емін-еркін жүре аламын, - деді тұрғын.
Оқи отырыңыз:
Естеріңізге сала кетейік, елордада «Игі істер марафоны» өтіп жатыр. Акцияның басты мақсаты –халықтың әлеуметтік осал санаттарына, қарт адамдарға, мұқтаж зейнеткерлерге барынша көмек көрсету. Еріктілер елорданың барлық 5 ауданын қамтуды жоспарлап отыр. Жыл басынан бері қала бойынша 30-ға жуық жеке сектор ауласы қардан тазартылды.
Еріктілер қыстың күні қар тазалауға көмектесумен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуды дәстүрге айналдырған. Қарт кісілерге отын кесуге көмектеседі және коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай береді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев