2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Болашақ» корпоративтік қоры Астана қаласында 2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне арналған «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері» кездесу өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
TED TALK форматында аутизмі бар балалардың ата-аналары өз тәжірибелерімен бөліседі. Аутизмі бар және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеу бойынша кеңестері мен ұсыныстарымен бөлісіп, балалары оларға қандай табыстар мен жетістіктерге жетуге шабыт бергендерін айтып береді.
Сонымен қатар сиблингтер – ерекше балалардың бауырлары сөз сөйлеп, ерекше туыстарымен қарым-қатынас құру тәжірибесімен, аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар баламен бір отбасында тәрбие алу ерекшеліктерімен бөліседі.
Сондай-ақ іс-шараға психотерапевтер, психиатрлар, мінез-құлық талдаушылары және басқа да мамандар қатысады. Іс-шара ерекше балаларды тәрбилеп отырған отбасы мүшелері үшін де, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін де пайдалы болады.
«Болашақ» қорының «Әрбір бала мектепке баруға лайықты» жобасы Қазақстанның мектептері мен балабақшаларына аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға білім берудің инклюзивті моделін әзірлеуге және енгізуге бағытталған.
2015 жылдан бастап Қазақстанның 22 қаласында 46 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар 700-ден астам бала мектепке күнде баруға мүмкіндік алды.
Аутизм туралы ақпарат тарату аясында 2023 жылдың сәуір айында «Болашақ» Қоры бірқатар іс-шараларды жоспарлады.
Мекенжайы: Астана қ., Сауран к. 44, «Конгресс-центрдің» «ASPAN» залы,
Күні мен уақыты: 2 сәуір, сағат 14:00.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова