20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМерекеге қатысқан балалар ертегі тамашалап, өз өнерлерін көрсетті. Бүгін Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Қош келдің Жаңа жыл» мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Мерекелік іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылары қатысты.
«Жаңа жыл қарсаңында біздің орталық ерекше қажеттілігі бар балаларды жаңа жылдық «Арыстан патша» спектаклін тамашалауға шақырды. Орталықтың қызметін пайдаланатын 620-дан астам бала туғандарымен бірге бүгінгі шараға қатысты. Мұндай мейрамды біз жыл сайын өткіземіз», - деді Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жетекшісі Айгүл Бейсенова.
Ертегілік спектакльден кейін балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.
«Мен бұл концертте Қуандық Рақымның «Қазақтың ұлымын» әнін орындадым. Мен бұл композицияны өзім таңдап, көп уақыт дайындалдым», - деді мерекеге қатысқан балалардың бірі Саян Тұңғышев.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?