30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада ер адам өзі жұмыс істеген жиһаз цехына ұрлыққа түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, қойманың үй-жайынан құрал-саймандар, атап айтқанда Helz 13 қозғалтқышын, Resanta дәнекерлеу аппаратын, Grown темір кескішін, кәсіби кілттер жиынтығы ұрланып, шамамен 1 млн теңге сомаға материалдық шығын келтірілді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар 29 жастағы цехтің бұрынғы қызметкері анықталды. Ер адам қойманың кілттері қайда екенін біліп, түнде аумаққа кіріп, құралдарды алып шыққан. Ол ұрланған құралдарды тұрғындарға арзан бағамен сатып жіберген.
Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды