Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПолицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
5 мамыр таңғы сағат 8 шамасында ЖБО-ның 102 арнасына оқиға куәгерлерінен Янушкевич көшесінің бойындағы көпірден ер адамның секірмек болғаны туралы қоңырау келіп түсті.
Бір қуанарлығы, сол кезде оқиға орнына дер кезінде жеткен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жақын маңда кезекшілікте болған. Полицейлер оқиға орнына жеткен кезде ер адамның аяғының көпірдің таянышында салбырап тұрғанын байқаған.
Полиция қызметкері Серғазы Баянбаев жағдайды бағалап, тез жүгіріп барып, ер адамды қатты ұстап алып, оны қауіпті аймақтан алып шықты. Алайда ер адам өзін жөнсіз ұстап, полицейдің қолынан босаған. Сол мезетте көмекке оның серіктесі Айдос Сүлейменов жүгіріп келді. Олар ер адамды жұбатып, оны Алматы ауданының Полиция басқармасына жеткізді.
31 жастағы ер адамды мұндай ағат қылыққа не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер