Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлорданың «OzgeEpic» шығармашылық хабында «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында мәдениет қызметкерлерінің басын қосып, қазіргі экологиялық мәселелерді талқылау мақсатында «Астана – таза қала» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға қатысушылар қалдықтарды басқарудың заманауи тәсілдерін, пластикті пайдалануды азайту, «жасыл» технологияларды енгізу, сондай-ақ қаланы абаттандыру жобаларын қарастырды.
Семинар қала тұрғындарының экологиялық жауапкершілігі мен мәдениетін дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асырудың бір бөлігі болды. Іс-шара форматы лекциялар, пікірталастар және практикалық семинарларды қамтыды, онда қатысушылар қалдықтарды қайта өңдеу, қордалау және экологиялық таза технологияларды пайдалану туралы мәлімет алды.
Адамдардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігі арта түсті. Мысалы, көптеген аулалар мен мемлекеттік мекемелерде қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер бар. Өткен жылы мәдениет басқармасының қолдауымен 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылса, биыл 150-ге жуық іс-шара жоспарланып отыр, - деді Астана қаласы Мәдениет басқармасының мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің бас маманы Ермек Ағабек.
Қала тазалығын сақтау бойынша қоғамның, мемлекеттік және жеке секторлардың бірлескен іс-қимылдарына ерекше назар аударылды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар