Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана-Қарағанды тас жолы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында, сол сияқты Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында жөндеу жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жұмыс Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.
Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында оң жақ съездің жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуде. Осыған байланысты 7 маусымда Айтматов көшесінен Ильинка елді мекені бағытындағы оң жақ съезі толығымен жабылды.
Сондай-ақ жол төсемін ағымдағы жөндеу Астана-Қарағанды тас жолы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында жүргізілуде. Бұл орындағы қозғалыс 7-9 маусым аралығында ішінара жабық болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайларын болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?