Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАстанада алаяқтық жасады деген күдікпен құрылыс компания басшылары ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қыркүйек айының басында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша Полиция департаментінің өндірісіне "R-Club" және "R-Club Deluxe" ТҮК үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілді.
Үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-ші тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген.
Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Жедел-тергеу тобы құрылды.
Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталуда.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді