23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді22 маусым күні Астанада дзюдодан Данияр Макишевті еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған додаға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 150-ге жуық дзюдошы қатысады деп күтілуде.
Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады. І орын алған спортшы - 500$, екінші орынға ие болған спортшы - 350$, ал үшінші орынға ие болған жүлдегер 200$ АҚШ долларына иелік етеді.
Жарыс 20 жасқа дейінгі жастар арасында 7 салмақ дәрежесінде өтеді. Ұлдар 60, 66, 73, 81, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.
Данияр Макишевті еске алуға арналған халықаралық турнир Kazakhstan Judo Team YouTube арнасынан тікелей трансляцияланады.
Айта кетерлігі, бұл жарыс Қазақстан жастар ұлттық құрама командасының әлем чемпионаты алдындағы дайындық додасы болып саналады.
Халықаралық турнир Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде өтеді. Жарысқа кіру тегін.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады