19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дзюдо федерациясының мәліметінше, ел біріншлігі 12-15 қараша күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтпек. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Қатысушылар арасында бүгінде ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген бірқатар татами шеберлері бар. Атап айтқанда, Серікбаев Нұрқанат, Данияр Шамшаев, Ислам Бозбаев, Ғалымжан Қырықбай, Бауыржан Нарбаев, Есет Қуанов, Ғалия Тынбаева, Камила Берліқаш сынды Азия чемпионатының, әлемдік Гран-при және Grand Slam жарысының жеңімпаз-жүлдегерлері қатысады.
Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2024-2025 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Cондай- ақ, аралас командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.
Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі:
12 қараша
Жарыстың басталуы - 10:00
Ерлер: -60 кг, -66 кг
Әйелдер: -48 кг, -52 кг
Финалдық белдесулер – 17:00
13 қараша
Жарыстың басталуы - 9:00
Ерлер: -73 кг, -81 кг
Әйелдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг
Жарыстың ресми ашылу салтанаты - 16:30
Финалдық белдесулер – 17:00
14 қараша
Жарыстың басталуы - 10:00
Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг
Әйелдер: -78 кг, +78 кг
Жарыстың ресми ашылу салтанаты - 16:00
15 қараша
Аралас-командалық жарыс
Жарыстың басталуы - 10:00
Ерлер: -73 кг, -90 кг, +90 кг
Әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг
Жарыстың ресми ашылу салтанаты - 15:00
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары