7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астанада маса мен шыбын-шіркейге және басқа да жәндіктерге қарсы ауқымды дезинсекциялық жұмыс жалғасып жатыр. Олар екі ауысымда жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, аталған дезинсекциялық шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Жұмыстар түнгі уақытта – сағат 21:00-ден 04:00-ге дейін жүргізіледі және әр кезең 20 күнге созылады. Барлығы 6 кезеңге жоспарланған, қазіргі уақытта төртінші кезең өтіп жатыр.
Қала аумағында дезинсекция жұмысын жүргізу үшін механикалық роторлы бүріккіштер, дезинсекциялық машиналар, қамысты өсімдігі бар жетуі қиын жерлерді өңдеуге арналған квадрокоптерлер, ал ірі су айдындарында арнайы жабдықталған қайықтар қолданылады.
Ауқымды өңдеу барысында басқарушы компаниялар, ПИК, МИБ (тұрғын үй қорын басқаратын ұйымдар), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, құрылыс нысандары, базарлар, сауда үйлері және басқа да мекемелер жертөле жайларын абаттандыру, құрғату және дезинсекциялық өңдеу арқылы бұл шараларға белсене қатысуы тиіс.
Дезинсекция шаралары кезінде сақтық шараларын сақтау маңызды:
• Өңделетін аумаққа баруды шектеу;
• Өңдеу кезінде терезелерді жабу.
Сонымен қатар, Астанада кеміргіштерге қарсы күрес жүргізілуде. Дератизациялық шаралар жылына екі маусымда – көктемде және күзде өтеді.
Санитарлық нормаларға сәйкес, 2025 жылғы көктемгі маусым – 21 сәуір мен 18 мамыр аралығында жүргізілді. Күзгі кезеңді қыркүйек айының ортасынан қазанға дейін бастау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда дайындық жұмысы жүріп жатыр.
Өңдеу жеке секторды (тұрғын үй алаптары) және ашық аумақтарды (саябақтар, өзен арналары, су айдындары, каналдар, зираттар) қамтиды.
Жеке сектор тұрғындарына арнайы улағыш жемдер тегінтаратылады, сондай-ақ орнында қауіпсіздік жөнінде нұсқаулық беріледі.
Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайтуға және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?