20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекРоза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі композитор Петр Чайковскийдің 185 жылдық мерейтойына арналған «День ли царит» классикалық музыка кеші өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, музыкалық кеште «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов Чайковскийдің шоқтығы биік романстары мен камералық шығармаларын орындады.
Кештің басты ерекшелігі – көрермен өнерпаздармен бірге сахнада отырды. Бұл тың формат көрермен мен орындаушы арасындағы шекараны жойып, ерекше әсер сыйлады.
Әртістер көрерменнің ыстық ықыласы бөленіп, зор қошеметімен аяқталды. Бұл – ұлы композитордың музыкасы әлі күнге дейін сезімдерді қозғап, әлемдік және қазақстандық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып қала беретіндігінің айқын дәлелі, - делінген мәліметте.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?