23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордадағы Beeline Arena спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионатының салтанатты ашылуы рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Азия бокс конфедерациясының (ASBC) Бас хатшысы - Али Саламе, IBA Президенті - Умар Кремлев, Қазақстан бокс федерациясының Президенті Кеңес Рақышев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Бокс ең танымал спорт түрі болғандықтан адамдардың жүрегінде ерекше орын алады және миллиондаған көрермендердің назарын аударады. Қазақстандық бокс мектебі әлемдік спорт аренасында құрметті орынға ие және көшбасшылардың бірі саналады. Мысалы, Тәуелсіздік жылдарында отандық боксшылар олимпиаданың 7 алтын, 7 күміс және 10 қола медалін жеңіп алды», - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, 23 қазан - 3 қараша аралығында сары құрлықтың 23 елінен келген 500-ге жуық жас спортшы Азия чемпионы атағына таласады.
Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.
Финалдық жекпе-жектердің жеңімпаздары 2-3 қарашада анықталады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады