19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Елорданы көгалдандыруға бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, белгілі боксшылар Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымберген, Нұрбек Оралбай, Қамшыбек Қонқабаев қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, кезекті сенбілікке сол сияқты №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Барлығы 30-ға жуық жөке ағашы отырғызылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүкіл ел бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бүгін біз Алматы ауданында ағаш отырғызуға қатыстық. Елорданың барлық тұрғынын қаланың дамуы мен тазалығына үлес қосуға, ал оны өз ауданынан бастауға шақырамын, - дейді боксшы, Париж олимпиадасына жолдама иегері Айбек Оралбай.
Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмысы жүріп жатыр.
Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысы жүргізілуде.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары