23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биылғы оқу жылында ашылатын мектептер жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды салу жұмысын жалғастырамыз. Мәселен, осы оқу жылында тағы 7 мектеп ашамыз. Аталған оқу орындарының құрылыс барысымен таныстым. Бұл мектептер Қарасай батыр мен Бұланты көшелерінің қиылысында, Тұран даңғылы мен №24 көшенің қиылысында орналасқан. Сол сияқты қолданыстағы мектептердің аумағына жаңа корпустар салынады: Кирпичный елді мекенінде, Тархан көшесі, 16, Таха Хусейн көшесі, 5/1, Қарқабат көшесі, 17, Қабанбай батыр даңғылы, 9,1 мекенжайларында. Осыған дейін – оқу жылының басында 4 мектеп ашылған болатын, - деп жазды қала басшысы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырылып жатқанын айтты.
Жоба аясында 2024-2025 жылдары 24 жайлы мектеп салынады. Олар 90 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді. Олардың 15-і Есіл мен Нұра аудандарында орналасады. Дәл қазір бұл аудандарда мектептерге деген аса қажеттілік бар.
2027 жылға дейін бас-аяғы 180 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымда) арналған 65 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар мектептерге шамадан тыс түсетін жүктеменің қазіргі қиындығын ғана емес, болашақта орын тапшылығы мәселесін толықтай шешеді. Оқу орындары қаланың барлық ауданын, оның ішінде елді мекендерді де қамтиды, - деді Жеңіс Қасымбек.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады