23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордадағы Қошқарбаев көшесінің учаскелері мен Сығанақ пен Әнет баба көшелерінің қиылысы жол-құрылыс жұмысына байланысты бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.
Қошқарбаев даңғылының оң жағындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты 16-18 қыркүйек аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс екі бағытта да сол жақта жүзеге асырылады.
Сығанақ-Әнет баба көшелерінің қиылысында жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту жұмысы да жүзеге асырылуда.
Осыған байланысты 15-16 қыркүйек күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады