23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада бір түнде екі көлікке ұрлыққа түскен адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz-тің мәліметінше, жәбірленушінің бірі полицияға Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында тұрған Lada Priora автокөлігінен автомагнитолла, планшет, әмиян ұрланғанын хабарлаған.
Автокөлік иесі ұрлық жасалғанын таңертең ғана байқаған. Сол күні полицияға қаланың басқа тұрғынынан осыған ұқсас арыз түскен. Күдікті Mercedes Benz автокөлігінің салонынан ақшаны ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 41 жастағы қала тұрғынын анықтады. Күдікті түнде есігі ашық қалған көліктерді іздеп, олардың тұтқаларын тартып көрген.
Қазір ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді. Оның Астана қаласында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады