2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлордада мопед жүргізушілердің кінәсінен туындаған жол-көлік оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалада бір күнде мопедтердің кінәсінен үш жол-көлік оқиғасы болып, орын алып, 17 жастағы жасөспірімдер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Мәселен сағат 17:11-де Toyota көлігінің жүргізушісі Сарыарқа даңғылымен Жангелдин көшесінің қиылысында келе жатып, рұқсат етілген бағдаршамға бұрылып, қарсы жолақпен келе жатқан кәмелетке толмаған мопед жүргізушісін қағып кеткен.
Дәл осындай апат Қошқарбаев даңғылы мен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында сағат 21:40-та болды. Volkswagen Transporter автокөлігінің жүргізушісі де қарсы жолақпен келе жатқан 21 жастағы мопед жүргізушісімен соқтығысқан.
Үшінші жол-көлік оқиғасы салдарынан 18 жастағы мопед жүргізушісі зардап шекті. Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесі мен Әлиев көшесі қиылысында келе жатып, рұқсат етілген бағдаршамға бұрылып, қарсы жолақпен келе жатқан мопед жүргізушісімен қақтығысып қалған. Осы елордада жолдардағы жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге, жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы 9-12 шілде аралығында өтіп жатыр.
Операция басталғалы бері 1300-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 400-ден астам жүргізушіге айыппұл салынып, автоматты анықтау құралдары арқылы тіркелсе, жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдігін тағу ережелерін сақтамаған 180-ге жуық жүргізуші белгілі болды. Жедел профилактикалық іс-шара кезінде 200-ден астам көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова