2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында «Ғашықтар» саябағында сенбілік өтті. Оған Дене шынықтыру және спорт басқармасының 100-ден астам спортшысы мен қызметкері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Басқарма басшысы Василий Левит атап өткендей, мұндай экологиялық іс-шаралар спорт қайраткерлерінің назарынан тыс қалмайды.
Сенбілік – командалық рухты көтерудің және кез келген ұжымдағы психологияны жақсартудың тамаша тәсілі. Бүгінгі сенбілікке елімізге белгілі спортшылар, оның ішінде әлем чемпионы – елордалық ауыр атлет Едіге Емберді, сондай-ақ Астана құрамасының джиу-джитсудан спортшылары, нақтырақ айтқанда Азия ойындарының алтын жүлдегері Нұржан Батырбеков қатысты, - деді Василий Левит.
Бүгінгі сенбілікке шинкиокушинкай каратэден Азия чемпионы Руфат Раманұлы және кикбоксингтен ҚР чемпионы, Әлем Кубогының жеңімпазы Диас Иманбаев қатысты. Олар «Аспан» спорт кешенінің аумағын тазалауға көмектесті.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.
Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Алғашқы аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартады.
Екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріліп, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмысына бағытталады.
Ал 20-27 сәуір аралығындағы «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға, оларды ақтауға арналады.
4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумағын тазалауға және абаттандыруға арналады.
Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова