Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді«Байтақ» партиясы Астанада филиалын құрды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Елордамыз ластану деңгейі бойынша әлемде төртінші орында тұр. Сонымен қатар, қалада басқа да экологиялық мәселелер жетерлік. Оның ішінде Есіл өзенінің ластануы, тұрғын үй құрылыстары, кездейсоқ пайда болған қоқыс үйінділерін айтуға болады.
Сондай-ак тұрғындар крандағы сапасыз ауыз суға да шағымданады. Осы және басқа да мәселелерді шешу үшін Астанада аталған партияның қалалық филиалы құрылды.
Бүгін «Дипломат» қонақ үйінде партияның конференциясы өтті. Конференцияға 200-ге жуық адам – партия мүшелері қатысты. Олардың қатарында азаматтық сектор өкілдері, ғалымдар, кәсіпкерлер, студенттер де болды. Бір сөзбен айтқанда, олардың барлығы экологиялық маселелерге бей-жай қарамайды.
Жиында партия төрағасы Азаматхан Әміртай партия спикері, жас экобелсенді Диана Мурзағалиеваны таныстырды.
Конференция аясында Астана қаласы филиалының төрағасы болып Айтбай Қайрат Орынбайұлы сайланды.
Cонымен катар Саяси Бюро сайлауы өтіп, оның құрамына Нариман Баубек сынды Экокәсіпкер, Биоалуантүрлілік жөніндегі ұлттық сарапшы, "Табиғат” аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының вице-президенті Айтуар Туғанбеков секілді қаланың ең белсенді азаматтары кірді.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?