Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада барлық бағыт бойынша республикалық тасжолдар жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін бас қалады қарлы боран соғып тұр. Қазгидромет мәліметінше, көктайғақ болып, ауа температурасы 5-7 аязға дейін төмендейді.
Қазіргі уақытта жолдың нашар көрінуіне, қатты жел мен боранға, көктайғаққа байланысты барлық алты бағыт бойынша көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс жабық. Астана - Қостанай тас жолы Қажымұқан кентіне дейін ғана ашық, - делінген Астана қалалық ТЖД таратқан мәліметте.
Ал 112 желісіне жолдағы келеңсіздіктерге байланысты әртүрлі сипаттағы 3000-нан астам қоңырау түскен.
Қалалық ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала сыртына барудан бас тарту, сақ болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды сұрайды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді