Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанадағы қоғамдық демалыс орындарының бірінде балалы ер адамға бірнеше рет соққы жұмсаған кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты іс одан сайын ушығып барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шулы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалған соң боксшының жұбайы АҚШ елшілігінің көмегіне жүгінген. Tengri Sport-тың жазуынша, АҚШ азаматы Кэри (Бейбіт Шүменовтің әйелі) қандай қадамға барғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жанжал туындамас бұрын балалы ер адамға аулақ кетуді сұраған.
Мен оған бірнеше рет аулақ кетуді айттым. Тіпті дауыс көтердім. Бейбіт ер адам көтеріп тұрған балаға қол жұмсаған жоқ, - деді боксшының жұбайы.
Кэридің сөзінше, ол қазақстандық органдардық "әрекетсіздігінен" кейін АҚШ азаматы ретінде елшіліктен көмек сұрауға мәжбүр болған. Сондай-ақ, америкалық азаматша өзінің баласының ойын алаңында басқа баладан таяқ жегені үшін жанжалға қатысты екінші тарапты айыптап отыр. Себебі, шағымданушы адам оның күйеуіне пышақпен шабуыл жасаған. Содан соң сынған шөлмекпен ұрмақ болған. Олар демалыс кезінде зардап шеккендіктен күйеуі амалсыз қорғануға көшкен.
Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Астанадағы қоғамдық демалыс орындарының бірінде боксшы Бейбіт Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз.
Зардап шеккен адамның қорғаушысы Қанат Тілеужан полиция мен прокуратураның істі жүргізуге келгенде құлықсыз екенін мәлімдеді. Кейін ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Бейбіт Шүменовтің төбелесі туралы толығырақ таратып, түсініктеме берді.
Сонымен қатар, Бейбіт Шүменов қоғамда шу тудырған төбелеске қатысты өз ойын білдірді. Бұдан бөлек, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан Бейбіт Шүменовті жазалауды талап етіп, мәлімдеме жасады.
Кейін ІІМ Бейбіт Шүменовке қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша боксшының 5 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін атады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?