19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордада бала күтуші үй иесінің алтын бұйымдарын жымқырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордалық полицейлер 1 млн 762 мың теңге сомасында шығынды құрайтын алтын бұйымдар ұрлығын ашты. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы ауданының ПБ қызметкерлері үйде бала күтуші болып жұмыс істеген 46 жастағы күдіктіні құрықтаған.
Белгілі болғандай, үй иесі хабарландыру бойынша балаларына күтуші тапқан. Ол жұмыста болған кезде, күтуші үй иесінің зергерлік (алтын сырғалар, сақина және гауһар білезік) бұйымдарын жымқырып үлгерген. Үй, қожайындарының оралуын күткеннен кейін, ол лезде пәтерден шығып ізін суытқан.
Ұрлық фактісі бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, әйелдің бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріліп жатыр. Ол бұрын алаяқтық үшін сотталған болып шыққан.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары