20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекНашақорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды жүзеге асыру мақсатында елорда прокуратурасының бастамасымен полицейлер 15 ойын-сауық мекемесінде рейдтік іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шаралар барысында 7 баллон азот тотығы және 14 пакет шариктер (азот тотығымен дем алу үшін пайдаланылады) тәркіленді. 4 адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Астана прокуратурасы нашақорлық және күшті әсер ететін заттардың заңсыз қолданылу фактілерін анықтау мен алдын алу тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын, бұл жұмыс қадағалаушы органның ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Айта кетсек, азот тотығы есірткі затына жатпайды, алайда ол күшті әсер ететін заттарға жатады. Оны медициналық мақсатта емес қолданғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?