1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты жағдайда күтіп алу іс-шарасы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Естеріңізге салсақ, 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытай мемлекетінің Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары өтті. Жарысты Қазақстан құрама командасы 80 медальмен тәмамдады. Олардың қатарында астаналық спортшылар да бар.
Жарысқа астаналық құрама команданың 5 спортшысы джиу-джитсу және шахмат спорт түрлерінен сынға түсті.
Команданың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және шахматтан қазақстандық қыздар құрамасы командалық қола жүлдеге ие болды.
Азия ойындарында джиу-джитсу спорт түрінен сынға түсіп, чемпион атанған астаналық спортшы Нұржан Батырбеков ел қоржынына 10 алтынның біреуін алып келді.
Сол сияқты жерлесіміз Галина Дуванова күміс жүлдеге ие болды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?