Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада «Франкофония көктемі 2024» мәдени маусымы басталуына қатысты ұйымдастырылған шарада осылай айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Іс-шараға Франция, Армения, Бельгия, Канада, Морокко, Румыния, Швейцария елшілігінің ресми өкілдері қатысты.
Жиындағы алғы сөз Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесске берілді. Ол өз кезегінде француз тілінің мәртебесіне тоқтала отырып, «Франкофония көктемі» фестивалінің ашылуын жариялады.
2024 жылы аталмыш фестиваль Қазақстанның 7 қаласында өткізіледі: Астана, Алматы, Атырау, Өскемен, Павлодар, Қарағанды және Шымкент қалалары. Жиынды Франкофония халықаралық ұйымына кіретін мемлекеттер ұйымдастырып отыр. Ол мемлекеттер қатарына Армения, Бельгия, Канада, Франция, Швейцария, Румыния және Тунис кіреді. Сонымен қатар фестивальдің көпшілік назарына ұсынылуына Қазақстандағы Франция елшілігінің қолдауымен жұмыс істейтін төрт Француз альянсы қолғабыс етті, - деп атап өтті өкілетті елші.
Спикер жыл сайын іс-шара бағдарламасына ерекше ден қойылатынын алға тартып, осы жолы да бұрынғысынан өзгеше болатынына сендірді.
Сондай-ақ фестивальде 15-ке жуық француз киносы, одан басқа француз әндерінің байқауы, тақырыпқа қатысты конференция, көрме сияқты түрлі интерактивтер өткізу жоспарланып отырғаны айтылды.
Сәуірдің 16-сы Астанада француз әндерінің сайысы өткізілмек. Додада танымал «Et si tu n'existais pas» хитінің орындаушысы Джо Дассеннің ұлы, музыкант Жульен Дассен төрелік етеді. Байқаудың соңғы күні астаналық мейрамханалардың бірінде болады. Бас жүлде - Парижге екі жолдама. Бұл сыйлықты серіктесіміз Air Astana-мен бірге ойнатпақ ниеттеміз. Фестивальдің нақты бағдарламасы туралы елшіліктің ресми сайтынан оқи аласыздар, - деп қорытындылады Канесс.
Айта кету керек, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында Францияның танымал джаз орындаушысы Габи Хартманның да өнер көрсететіні белгілі болды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?