20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордада авто және мотоспорт маусымы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маусымның ашылу құрметіне дәстүрге сай дерби жарысы өтті.
Айта кетерлігі, бұл жарыс түрі алғаш рет Америка Құрама Штаттарында бастау алып, бүкіл әлемге танылды.
Ал Астанада екінші жыл қатарынан өтіп отыр.
Ереже бойынша бетпе-бет және жүргізуші отырған есіктен соқтығысуға болмайды. Көліктің шанағы мен ішкі салоны темір жақтаулармен бекітілуі тиіс. Жүргізуші міндетті түрде шлем киіп, өрт сөндіру құрылғысын өзімен бірге алып отыруы қажет. Терезедегі әйнектің орнына темір тор орнатылады, - дейді ұйымдастырушы Анатолий Бондарь.
Додаға 12 үміткер қатысты. Жарыс ережесі бойынша жүргізушілер бірінен бірі оза түсіп, қарсыластың темір тұлпарын тоқтату үшін дөңгелегін немесе қозғалтқышын істен шығаруы тиіс. Көлігіне ең аз залал келген автошабандоз жеңімпаз атанады. Техника міндетті түрде артқы жетекті болуы шарт. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта ел аумағында осындай шоу өткізетіндерін айтты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?