Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордалық бригадада армиялық қоян-қолтық ұрыстан бөлім командирінің кубогына турнир өтіп, оған 150 әскери қызметші қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерзімді қызметтің сарбаздары, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және офицерлер сегіз салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Әскери қоян-қолтық ұрыс – әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлаудың маңызды элементтерінің бірі. Жыл сайын бұл спорт кеңінен танылып келеді. Қоян-қолтық ұрыстың жауынгерлік және спорттық тәсілдерін меңгеру әскери қызметшінің бетпе-бет ұрыстағы сәтті жекпе-жегіне байланысты, - деп атап өтті бригада командирінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары подполковник Талғат Құлманов.
Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер арасында елордалық бригаданың барлаушылар командасы жеңіске жетті. Мерзімді қызметтің сарбаздары арасында шабуылдау батальонының командасы алға шықты. Аталған чемпион командалар бригада командирінің ауыспалы кубоктарын иеленді.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз салмақ дәрежелерінде медальдармен және грамоталармен марапатталды. Үздік жауынгер-спортшылар енді ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының кубогына арналған турнирге қатысады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?