Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБүгінгі Сенат брифингінде қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери шеруге қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, әскери шеруге Қарулы күштер және басқа да қарауылдар қатыспақ.
Оған бекітілген сома – 2,7 миллиард теңге. Ол тек әскери қызметшілердің іссапар шығынын жабу, тамақтандыру, киім және Қазақстан Республикасының бірінші бөлігінен екінші бөлігіне әскер мен құрал-жабдықты тасымалдауға кетеді. Сонымен қатар техникаға жанар-жағармай, теміржолмен тасымалдауға да жұмсалады, - деді ол.
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарының сөзінше, әскери қызметшілер тек әскери шеруден өтіп қана қоймай, тез арада Қазақстан Республикасының басқа бөлігіне ауысу жөнінде өздерінің кәсібилігін машықтайды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер