Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікІІМ орынбасары Санжар Әділов күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордадағы ауруханалардың бірінде төбелес болған. Бұл туралы хабарлама "102" пультіне келіп түсті. Жедел тергеу тобы келген кезде 1992 жылы туған азамат 1986 жылы туған азаматқа дене жарақаттарын салғаны анықталды. 1986 жылы туған ер адам Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінде батальон командирінің орынбасары, подполковник болып жұмыс істейді. Хабарламада подполковник палаталардың біріне кіріп, 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қызға тиіскені айтылған.
ІІМ орынбасары Санжар Әділов оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Ақмола гарнизонының Қорғаныс министрлігіне қарасты, оқуда жүрген әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деді Санжар Әділов.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер