2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБүгін елордада қала тұрғындарының қатысуымен жалпы қалалық тазалық сенбілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Elorda.info-ға сілтеме жасап.
Тазалық шарасы қаладағы экологиялық айлық аясында өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы бір ай бойы әр сенбі күні осылай сенбілік өтіп тұрмақ.
Бүгін алғашқы күні сенбілікке қатысушылардың бір бөлігі қаладағы Ақбұлақ өзенінің жағасын тазартып, ағаш отырғызу шарасына атасалысты.
Қаламызда экология айлығы басталды. Осы айлық шеңберінде Ақбұлақ өзені жағасын көгалдандырып, тазалау және ағаш отырғызу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, бүгін өзен жағалауының Алматы ауданына қарасты бетіне 300-ге жуық ағаш отырғызамыз. Оның ішінде Қарағай, Үйеңкі, Шаған талдарының көшеттері бар. Сенбілікке аудан бойынша 16 мыңдай тұрғын қатысып жатыр. Оның ішінде, қалалық мәслихат депутаттары, белгілі спортшылар, студенттер мен қала тұрғындары бар,- дейді Алматы ауданы әкімдігі өндірістік-техника бөлімінің бас маманы Нұрғазы Үсен.
Ақбұлақ ауданының Байқоңыр ауданына жататын екінші жағалауында да сенбілік қызу жүріп жатыр.
Бүгін өзен жағасын артық қоқыстан тазартатын боламыз. Сонымен қатар, жағалауға 138 түп түрлі ағаш көшеттерін отырғызамыз деп жатырмыз. Сенбілікке аудан, қала тұрғындары белсенді атсалысуда,-дейді Байқоңыр ауданы әікмідігінің өкілдері.
Жалпы қалалық сенбілік жоғарыда айтқанымыздай бір ай бойы әр сенбі сайын өтіп тұрады. Ондағы мақсат, қаланың тазалығына мән беру және әрбір тұрғынды осы мақсатқа шақырып, жұмылдыруға бағытталып отыр.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова