20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСиноптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. 23-25 маусым аралығында Астанада ауа райы күрт құбылып, шаңды дауыл, найзағай мен бұршақ күтілсе, Алматыда аптап ыстық сақталады.
Астанада +37 градусқа дейін ыстық болады
23 маусым күні елордада күн қатты ысиды. Ауа температурасы күндіз +35...+37 градусқа дейін көтеріліп, тұрғындарды аптап ыстық күтіп тұр. Сонымен қатар күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алайда келесі күннен бастап ауа райы күрт өзгереді. 24 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Күндізгі температура бірден +23...+25 градусқа дейін төмендейді.
25 маусымда да тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер жаңбыр, найзағай және бұршақ болатынын ескертті. Дегенмен ауа температурасы сәл көтеріліп, +25...+27 градус шамасында болады.
Алматыда аптап ыстық әлсіремейді
Алматы тұрғындарын алдағы күндері де ыстық ауа райы күтіп тұр. 23 маусымда күндіз ауа температурасы +33...+35 градусқа дейін көтеріледі.
24 және 25 маусым күндері қалада қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Соған қарамастан аптап ыстық басылмайды. Күндізгі температура +33...+35 градус деңгейінде сақталады.
Қазақстанға салқын ауа райы келе ме?
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына циклон әсер етеді. Оның салдарынан көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Кей жерлерде шаңды дауыл да болуы ықтимал.
Дегенмен циклоннан кейін солтүстік және орталық өңірлерде көптен күткен салқындық орнайды. Мамандардың болжамынша, бұл аймақтарда ауа температурасы +23...+28 градусқа дейін төмендеп, тұрғындарға жайлы ауа райы сыйлайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?