Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанадағы «Достық үйінде» Аналар күніне арналған медиация бойынша кездесу өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған іс-шараның мақсаты – әйел-ананың қоғамдағы,отбасындағы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін айқындап, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы Qazaqstan jastary қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырған дөңгелек үстелге белгілі медиаторлар мен психологтар, басқа да қоғам белсенділері және жастар қатысты.
Іс-шараның модераторы Роза Бекішева аталған күннің тарихын таныстырып өтті.
Аналар күні біздің елімізде 2012 жылдан бастап аталып өтіп жүргенмен, биыл халықаралық мереке ретінде бірінші рет тойланып отыр. Бұл күн мамырдың екiншi жексенбiсiнде аталып өтеді, биыл 12 мамырға сәйкес келiп отыр. Аналар күні – БҰҰ-ның халықаралық ұйымы мойындаған мереке. Ол көптеген елде тойланады. Биыл осы мейрамды атап өтетін елдерге Қазақстан да қосылды. Бұл мерекенің тарихы Америкадан бастау алған. Яғни XIX ғасырда АҚШ-та пайда болды, - деді Р.Бекішова.
Алғысөздерден соң заңгерлер мен медиаторлар және өзге де қоғам белсенділері ана мен отбасы мәселелері төңірегінде сөз сөйлеп, осыған қатысты қоғамдағы проблемаларды шешу жолын талқылады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?