Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада алғаш рет арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Еl.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 40-қа жуық спортшы қатысады. Жарыстың мақсаты – арбадағы теннис спорт түрін елімізде дамыту, қатысушылар арасында үздік спортшыларды аңықтап, ұлттық құрама сапына іріктеу.
Ел біріншілігі 27 шілде күні сағат 10:00-де «Дәулет» теннис орталығында өтеді.
Айта кетсек, арбадағы теннис елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі болып саналады. Бұл спорт түрінен алғаш рет Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 2022 жылы өтті. Чемпионатқа 6 өңірден 20 спортшы қатысты.
Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Бүгiн, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Бүгiн, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?