20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек19 маусымда Астанада "Qazaqstan" орталық концерт залының сахнасында алғаш рет француз әншісі ZAZ концерті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2021 жылдың күзінде ZAZ өзінің бесінші альбомымен сахнаға оралды. Алғашқы төрт альбомымен әлемді аралап, тур өткізді. 2020 жылғы көктемгі карантин кезінде француз әншісі ZAZ жан дүниесіндегі түрлі эмоциялары мен сезімдерін сыйдырған жаңа альбомын жазды.
ZAZ жаңа альбомын жарыққа шығару барысында голландиялық продюсер Reyn-мен бірлесіп, әндерге ерекше, өзіне тән бояу беру үшін жұмыс істеді. Сондай-ақ жаңа альбомның әндеріндегі сөздер ZAZ жүрегінен шыққан және ерекше естеліктерді еске түсіреді.
Бүгінде ZAZ әлемдегі ең эксклюзивті концерт залдарының сахналарында «ORGANIQUE TOUR» атты турын дайындады, онда көрермендер солистің шынайы болмысымен және ішкі әлемімен қайта байланыса алады.
Сонымен қатар елімізде алғаш рет «Мачете» тобының концерті өтеді.
2011 жылы «Токио» тобының жетекшісі («Кто я без тебя», «Когда ты плачешь» и «Мы будем вместе» хиттерінің орындаушысы) Ярослав Мали «Мачете» атты топ құрды. Интернетте аз уақыттың ішінде жастардың көңілінен шыққан топ мүшелері үлкен сахнаға шықты.
Топ тыңдарманын жаңа альбомдағы әндер мен сүйікті хиттерді қамтитын Ambassador бағдарламасымен қуантпақ.
«Мачете» әндері басқа орындаушыларға қарағанда «ерекше», жас тыңдармандарды өзіне баурап алады.
Концерт 23 маусымда Астанада және 24 маусымда Алматыда өтеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?