30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОтбасыңызбен және достарыңызбен бос уақытыңызды көңілді өткізу үшін қайда баруға болады? Алдағы аптада Астанада өтетін ең қызықты іс-шаралар жоспарын ұсынамыз. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қызықты бағдарламалар өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
9 қазан күні Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында сағат 19.00-де Tynda Music орындауында этно-концерт өтеді.
Сол күні сағат 10.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстанда У Наенмен кездесу: ертегі әлеміндегі ханбок» көрмесі ашылады.
10 қазан күні «Астана-Опера» театрында сағат 19:00-де «Испания – менің отаным» концерті өтеді.
11 қазан күні сағат 19:00-де елордалық көрермендерді «Жастар» театрында Қ.Жүнісованың «Күле аласыз ба?» (комедия) премьерасы күтеді.
Сол күні кешкі сағат 19.00-де балетсүйер қауымға «Корсар» қойылымы «Астана Опера» театрында өтеді.
12 қазанда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда сағат 19.00-де «Астана аруы-2023» сұлулық байқауының финалы өтеді.
Сол күні сағат 15: 00-де «Жастар» сарайында Жайдарман лигасының «Астана» ойындары басталады. Ал Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сағат 19.00-де «Туған күн» спектаклін ұсынады.
13 қазан күні сағат 14:00, 16:00-де – қазақ халқының ертегі кейіпкерлерімен ағылшын тілін үйренуге арналған ойын түріндегі «Қуыршақ мектебі» спектаклін елорданың Қуыршақтар театры ұсынады.
Кешкі сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда симфониялық оркестрінің 24-ші концерттік маусымы ашылады.
Сағат 19:00-де «QAZAQSTAN» ОКЗ-да «Ұлыларға тағзым: Ән атасы – Әміре» концерті өтеді.
14 қазан күні сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Тәттілер мұражайы» халықаралық көрмесі ашылады.
Сол күні кешкі сағат 18:00-де «Астана балет» театрында Құрманғазының 205 жылдығына арналған концерт өтеді.
Сағат 20:00-де қала тұрғындары мен қонақтарын Конгресс-орталықта өтетін «Ирина Кайратовна» тобының концерті күтеді.
15 қазан күні сағат 14:00-де кішкентай көрермендер Ц.Кюйдің «Кот на сапогах» балалар операсына арналған қойылымы «Астана-Опера» театрында өтеді.
Сол күні сағат 19:00-де «Жастар» театрында Ғ.Мүсіреповтің «Жібек» қойылымы ұымдастырылады.
Кешке сағат 19.00-де классикалық музыканы сүйетіндер «QAZAQSTAN» ОКЗ-де Ne Prosto Orchestra симфониялық оркестрінің орындауындағы Ne Prosto Anime концертіне шақырылады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды